Нұрлан Қоянбаев жазда неге қауын-қарбыз саудасына араласқанын түсіндірді
Продюсер, актер Нұрлан Қоянбаев «Түнгі студия» бағдарламасында әріптесіне жазғы демалыста Түркістан облысында қалай қауын-қарбыз сатқаны туралы айтып берді.
Әріптесі оны жаңа күзгі маусыммен құттықтап, жазғы демалысын қалай өткізгенін сұрады. Нұрлан Қоянбаев болса, жаз бойы Түркістан облысында қауын-қарбыз сатқанын айтты.
Бірде жолда келе жатқанда саудагерлер «Қарбызды бекерге лақтырып жатырмыз, биыл сауда жоқ» деді. Оларды уайымдап, ойладым, «Бізде инстаграм, әлеуметтік желіде оқырмандарым бар, осы мүмкіндікті дұрыс пайдалану керек» деп. «Қауын-қарбыз сатып алайық, саудагерлерді қолдайық» деген челлендж осылай пайда болды, - деді Нұрлан Қоянбаев.Сонымен қатар ол күз мезгілінде қауын-қарбыз ғана емес, қызанақ та пісіп жатқанын айтып, көпшілікті жеміс-жидек, көкөністерді сатып алуға шақырды. Нұрлан Қоянбаев неге жеке саудагерлерге көмектесіп, жарнама жасап бергенін де жасырмады.
Жеміс-жидекті жолдың бойындағы саудагерлерден емес, диқандардың өзінен сатып алу керек, жолдағылар алыпсатарлар деген пікір де жиі айтылды. Менің жалпы мақсатым жеміс-жидектің жарнамасын жасау еді. Қазір түрлі чипсы, энергетикалық сусындарды бәрі жарнамалайды ғой. Олардың адам денсаулығына аса пайдасы жоқ. Еш билбордтан «Қарбыз сатып алыңыз» деген жазу немесе қарбыздың суретін көрмеппін. Қауын-қарбызды жарнамалайтын ірі компания да, бұл индустрияға қаржы құятындар да жоқ екен. Менің ниетім – адамның ағзасына пайдалы қауын-қарбыз, қызанақтар энергетикалық сусын мен чипсыдан ұтылып қалмаса екен деген ой, - дейді Нұрлан Қоянбаев.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
09:22
«Деструктивті ұйымның ықпалында»: Нұртас Адамба...
11.11.2026
08:56
Оралда бұрынғы полицей пышақ жарақатын алды: по...
11.11.2026
08:18
Алматыда 12 жастағы баланы өлтірген оқушының ат...
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...