Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып қайта тағайындалды

03.09.2026 11:19 Қарақат АСЫЛОВА
Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып қайта тағайындалды
223
Фото: Ақорда

Нұрлан Сауранбаев Қазақстанның Көлік министрі қызметінде қалды. Мемлекет басшысы 3 қыркүйекте тиісті Жарлыққа қол қойғанын Ақорда мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.

Тағайындау алдында оның кандидатурасын Құрылтай мақұлдады. Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің отырысында депутаттар Сауранбаевты лауазымға қайта бекітуге келісім берді.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабы аясында қаралды. Нәтижесінде оны министр лауазымына тағайындауға болатыны туралы оң қорытынды шықты.

Нұрлан Сауранбаев кім?

Нұрлан Ермекұлы 1967 жылы 20 мамырда дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын кәсіпкерлік құрылымдарда бастап, 1997–2011 жылдары теміржол және мұнай-газ салаларындағы ұлттық компанияларда қызмет істеді.

Кейін мемлекеттік қызметке ауысып, 2011–2014 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды. Ал 2014–2016 жылдары Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2017–2018 жылдары Шымкент қаласының әкімі болды. Одан кейін 2019–2021 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімін меңгерді.

Ол Көлік министрлігінің тізгінін алғаш рет 2025 жылғы 30 маусымда қолға алған еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий