«Нұр-Мұқасан» тобының экс-әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

24.11.2025 18:01 Әсел Мұрат
«Нұр-Мұқасан» тобының экс-әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
0
303
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Мұқасан Шахзадаев

«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтың өзін соққыға жыққанын айтқан еді. Алматы полиция департаменті әншіге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жәбірленушінің заңгері Инга Иманбайдың айтуынша, жанжал топ орындайтын әнге байланысты туған.

«Ғалымжан мәселені келісіммен шешкісі келіп, жағдайды сөйлесіп талқылау үшін Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда әңгіме бірден жанжалға ұласқан. Шахзадаев пен оның екі досы Ғалымжанға шабуыл жасап, ауыр жарақаттағанын айтып отыр. Шахзадаев тіпті сол сәтте мас болған көрінеді», –  деді Инга Иманбай.

Заңгердің сөзінше, Ғалымжанның мұрны мен қолы сынған. Сондай-ақ Инга Иманбай Мұқасан Шахзадаевтың бірнеше күннен бері байланысқа шықпай отырғанын алға тартты.

Ал жәбірленуші құқық қорғау органдарына ресми шағым түсірген.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«2025 жылы 22 қарашада Наурызбай аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын азамат М. және өзге де бірнеше тұлғалардың тарапынан оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арызбен жүгінді. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу объективтілікті, толықтықты және жан-жақтылықты қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады», – делінген хабарламада.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий