«Ол өзі көрінгісі келмейді»: Танымал актер отбасын неге құпия ұстағанын айтты
Белгілі актер Әділ Ахметов "КешRec" бағдарламасына берген сұхбатында отбасы туралы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ
«Ер адам сұңқар, бүркіт. Ал әйел адам оның баптаушысы. Баптаушы мықты болса, бүркіт қасқыр емес, аю алады. Жарыма жиіс алғыс айтамын. Әр нарсе орнымен. Алғыс айту, жақсы көңіл күй сыйлау дұрыс нарсе. Айына бір рет гүл сыйлап тұрамыз», - деді өнер иесі.
Сондай-ақ ол отбасын неге құпия ұстағанын айтты.
«Ол кезде «Жұлдыздар отбасы» деген журнал болатын. Ұстазым Нұрқанат Жақыпбай да солай айтатын. Жолдасым мен ағайдың ойы бір жерден шықты. Ол өзі де көрінгісі келмеді. «Қайта шыға бер. Өйткені актерсің. Көп көрермендерің қыздар қауымы болады. Үйленгендер бірден бала-шағасымен шығып кетсе қызық болмай қалады» деген болатын», - деді актер.
Соңғы жаңалықтар