"Ол – рас": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жеке өміріне қатысты құпияның шетін шығарды

19.06.2025 15:09
0
249
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Бүгінде өнерлі жұп ел алдына бірге шықпай, тыңдарманын алаңдатып қойды. 

“Тұрсынбек екеуі ажырасып кеткен”, “Күйеуі көрінбей кетті”, “Тұрсынбек екінші әйелімен тұрып жатыр екен”, “Мөлдір неге үнемі жалғыз жүреді”, “Тұрсынбектің арқасында шалқып жүр”, “Мөлдір баяғының бақсылары сияқты”, – деп жазды көпшілік. 

Әзілкештің жұбайы барлық пікірді жауапсыз қалдырып, тек “Әйел ашуланса құлпырады” деп жазған пікір иесіне: “Ол – рас”, – деп жауап қайтарды. 

Одан кейін Мөлдір Мұқанованың жігітпен ән салғаны қызу талқыға түсті. Арт-менеджердің орындауындағы әндер хитке айналып жатыр. 

“Бұл – өнер. Жүрек пен шабыттың үндескен шағы. Сырт көзге жай ғана дуэт көрінгенімен, бұл мен үшін өнердің өрісі. Оқырманым, қолдау деген – үлкен шабыт. Тілектес болу – нағыз өнердің өсуіне жол ашар алтын көпір. Әдемілікті бірге көріп, бірге сезейік. Өнерге жүрекпен қарайық!", – деп жазды ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий