Танымал актриса "Жеті қарақшы" фильмінде Дайыровпен сүйісуден бас тартқан

07.10.2026 • 20:44 Томирис САҒЫНДЫҚ
Танымал актриса
170
Фото: instagram.com/leila_tleuova/

Танымал актриса Индира Сабирова "Жеті қарақшы" фильмінде актер Еркебұлан Дайыровпен сүйісуден бас тартқан, деп хабарлайды Politico.kz.

Фильмнің режиссері Қуаныш Бейсек актрисаның ұстанымына құрметпен қарап сүйісу сахнасына Еркебұлан Дайыровтың заңды әйелі Ләйлә Тілеуованы шақырған

«Бұл рөлге дайындалу барысында Индира: «Менің өз принциптерім бар, ешқашан кадрда сүйіспеймін», – деді. Біз оның бұл ұстанымын түсініп, келістік. Дегенмен, іштей басқаша бір амал ойлап таптым. Түсірілімге Еркебұлан Дайыровтың жұбайы келген еді, ол кісі де актриса болатын. Түсірілім алаңында каскадерларға арналған екінші дубль киімі бар екен, дәл соны ол кісіге кигіздік. Грим мен макияжын жасап, оны кадрда өзінің заңды әйелімен сүйістірдік», – деді Қуаныш Бейсек. 

Войдите, чтобы оставить комментарий