Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесінен құлап, қаза болды

07.10.2026 • 21:17 Қарақат АСЫЛОВА
Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесінен құлап, қаза болды
310
Фото: depositphotos.com

Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесінен құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz сайты “Halyqstan” Telegram арнасына сілтемемен.

Қайғылы оқиға 7 қазан күні сағат 23:00-ден кейін Строитель шағынауданындағы үйлердің бірінде болған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, аумақты қоршауға алған. Куәгерлердің айтуынша, көпқабатты үйдің маңынан екі адамның денесі табылған.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты ақпаратты растады.

«Көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен құлау салдарынан екі кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті мен Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы басшылығының бақылауында. Өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандардың бірі 14 жастағы мектеп оқушысы, екіншісі 16 жастағы колледж студенті болған. Бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Оқиғаның нақты себептері тергеу нәтижесінде анықталады.

Войдите, чтобы оставить комментарий