Алматыда автобуста жолаушыларды пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды

07.10.2026 • 22:11 Қарақат АСЫЛОВА
Алматыда автобуста жолаушыларды пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды
395
Видеодан кадр

Алматыда 38 жастағы ер адам автобуста жанжал шығарып, жолаушыларды пышақпен қорқытқан, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиғаға байланысты Жетісу аудандық полиция басқармасына хабарлама түскен. Аталған жерге патрульдік полиция қызметкерлері жедел жеткен.

Полиция мәліметінше, ер адам агрессивті әрекетін жалғастырып, тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбаған. Полицейлер оның әрекетін тоқтатып, пышағын алып, ер адамды полиция бөліміне жеткізген.

Оған қатысты екі бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен 38 жастағы ер адам 12 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Войдите, чтобы оставить комментарий