«Өлер алдында хат қалдырған»: Алматыда 16 жасар бала өз-өзіне қол жұмсады
Алматыда Розыбакиев пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Politico.kz.
27 қаңтар күні 16 жастағы жасөспірім ғимарат шатырынан секіріп, оқиға орнында қаза тапты. Куәгерлердің берген мәліметіне сәйкес, бозбала артына хат қалдырып кеткен. Құқық қорғау органдары бұл ақпаратты растап, қазіргі уақытта тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы бөлім аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Полиция департаменті оқиғаға қатысты мынадай ресми мәлімдеме жасады:
«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Мотив пен мән-жайлар анықталуда».
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, жасөспірімді мұндай қадамға не итермелегені зерттеліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
14:15
Полиция формасын киген баланың әкесіне неге айы...
27.10.2026
13:57
Атырауда әйелдер дәретханасына сығалаған жігітк...
27.10.2026
13:14
Президент Әкімшілігінде ауыс-түйіс
27.10.2026
12:59
«Нағыз патриот заңға бағынады»: Бектенов кімдер...
27.10.2026
12:44
Зікіршілер жамағатының жетекшісі Исматулла Мақс...
27.10.2026
12:29
Балқаш зауыты шатырын жаңартып, қауіпсіздікке к...