Олигархтың ұлы әскерден босатылды, ал қарапайым жігіт қызмет етуге мәжбүр

Олигархтың ұлы әскерден босатылды, ал қарапайым жігіт қызмет етуге мәжбүр
17.12.2024 08:46
0
468
gov.kz
Қос стандарт: әскерге шақырудағы әділетсіздік

Олигарх Айбек Барысовтың ұлы мен қарапайым ауыл тұрғыны Данияр Рахымжановтың әскерге шақырылуы қоғамда қызу талқылануда, деп хабарлайды POLITICO.KZПИСЬМА ПРЕЗИДЕНТУ арнасына сілтеме жасап.

Өткен жылы Айбек Барысовтың ұлы әскерден босатылды. Олигархтың айтуынша, ұлының бас миында киста бар болғандықтан, әскери қызметке жарамсыз деп танылған. Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу пікірталас туғызды, себебі оның ұлы ашық түрде «мені әскерден "отмазали"» деп мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, осы жылы, 2024 жылдың 15 қарашасында, дәл осындай диагнозы бар 19 жастағы ауыл жігіті Данияр Рахымжанов Қостанай облысы, Федоровка ауылынан әскерге шақырылды. Қазіргі уақытта ол №30212 әскери бөлімінде қызмет етуде.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайды қос стандарттың айқын мысалы ретінде атап өтуде. Біреуге диагноз әскерден босату үшін себеп болса, екіншісіне бұл назардан тыс қалған.

Мұндай жағдайлар қоғамда әділеттілікке деген сенімді әлсіретіп, сұрақтар туындатады: неге бірдей диагнозы бар азаматтарға әртүрлі шешімдер қабылданады?

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или