Олимпиададағы шу: Әйел боксшы жынысын ауыстырған ер адаммен жұдырықтасудан бас тартты
394
Италиялық боксшы Анджела Карини Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарынан бас тартты, деп хабарлайды politico.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол биологиялық жынысы ер адамен кездеспейтінін айтты. Бүгін 1/8 финалда 66 келіге дейін салмақта Анджела Карини Алжир спортшысы Иман Хелифпен кездесті. Бірінші раундта Анджела екі ауыр соққы алды. Осыдан кейін ол жекпе-жектен бас тартты. Италиялық спортшы рингтен көзіне жас алып шығып кетті.
Айта кетейік, былтыр Хелиф гендерлік тесттен өтіп, әлем чемпионатына қатыстырылмаған. Соған қарамастан Халықаралық Олимпиада комитеті биыл рұқсат етті.
Жалпы ХОК алжирлік боксшы Имана Хелиф пен тайваньдық Лин Юйтиннің де қатысуын мақұлдады.
Екі спортшы да 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында бақ сынады, алайда 2023 жылы Нью-Делиде өткен әлем чемпионатында олар гендерлік сынақтан өте алмады.
Лин Юйтин біздің Карина Ибрагимованың қарсыластарының бірі. Екеуі бұған дейін жолыққан.
Фото: Ciro Fusco/Keystone Press Agency/Global Look Press
Соңғы жаңалықтар
27.07.2026
23:21
36 жастағы атыраулық балаларын есірткіге айырба...
27.07.2026
21:37
"Оян, қазақ!" фильмін кім және не үшін көрсетпе...
27.07.2026
20:48
Ринат Зайыт: Ауылдарда кітапхана ашатын заңға п...
27.07.2026
17:51
Қазақстанда тағы да 44°C-қа дейін ыстық болады
27.07.2026
17:47
Астанада бір жасар сәбиден туберкулез анықталды
27.07.2026
17:03
Ринат Зайыт: Ауылдарымыз жабылып қала ма деп қо...