«Өлсе, көрінде өкірсін»: Серікжан Біләш Шаханов туралы ауыр пікір айтып, елдің ашуына тиді 

21.04.2026 15:23 Әсел Мұрат
«Өлсе, көрінде өкірсін»: Серікжан Біләш Шаханов туралы ауыр пікір айтып, елдің ашуына тиді 
1344
Фото: ашық дереккөз

Қытайда туып-өскен, қоғам белсендісі Серікжан Біләш күні кеше дүниеден өткен ақын, халық жазушысы Мұхтар Шаханов туралы әлеуметтік желіде ауыр сөздер айтып, халықтың ашуына тиді, деп хабарлайды Politico.kz. 

«Ол кісі ол жаққа бізден ертерек бара тұрады екен. Ол жаққа барғанда, 2019 жылы менің үстімнен арыз жазып, сотқа сүйрегені үшін жағасына жармасамын ғой. Арыз жазғанымен қоймай, сотта куәгер де болған еді. О дүниеге барғанда ол кісі өтірік алжып, білмегенсиді. Періштелер де шыңғыртып хақымды алып бергенде, құтыла алмайды ғой. Жақсы адам емес, өлеңі керемет. Бірақ ісі керемет емес. Шығарманы өте керемет жазады, ақындық талантын мойындаймын, бірақ арсыз. Менің жауабым – осы. Мұхтар Шаханов өлді дейді. Өлсе, енді көрінде өкірсін басқа не айтамын. Оған Жаратушының лағнеті жаусын. Мені соттапты, мен сондықтан оны өмір бойы жек көріп өтемін. Енді «Мұхтар Шахановтың қасында кімсің? Оның ақындығы керемет» дейтіндерге айтарым: онда сені де, сенің балаңды да біреу Мұхтар Шаханов сияқты ірі ақын, тұлға соттатсын. Сол кезде сенің осы сөзді айтқаныңды көремін. Әмин», - деді ол ТикТок әлеуметтік желісінде.

Серікжан Біләштің бұл сөздері көпшіліктің ашуына тиді.

«Жер бетіндегі жалғыз періште боп отыр ғой», «Аруақтан қорықсаңшы!», «Құдайдан да қорықпайды екенсіз!», «Өмірден қайтқан адамның артынан ондай сөздер айтпаңыз», - деп жазды желі қолданушылары. 

Айта кетейік, бүгін Алматы жұртшылығы ақын, халық жазушысы Мұхтар Шахановпен қоштасты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий