"Өмір алма-кезек": Әнші Балжан Бидаш ұстазы Баян Алагөзоваға жауап берді
1494
Балжан Бидаш КешYou тобы туралы түсірілген деректі фильмнің үшінші бөлімінде айтылған пікірлерден кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Әнші өз парақшасында ешкімге өкпесі жоқ екенін айтып, оқырмандарына сабыр мен сыйластық туралы ой бөлісті.
«Ақ-қарасын ажыратып жазып жатқан жандарға рақмет. Ешкімге ренішім жоқ. Бұл шешім және бұл дүние уақытша екенін ұмытпайық. Дүние алма-кезек. Өзімізді жақсы көрейік, басқаларды сыйлайық, барды бағалайық», – деп жазды Балжан Бидаш.
Желі қолданушылары бұл жазбаны Баян Алагөзованың фильмде айтқан сөздеріне жауап ретінде қабылдады. Пікір білдірушілердің бір бөлігі әншіні қолдап, жылы лебіздерін жазса, енді бірі оның мерейтойлық концертке қатыспау туралы шешімін сынға алды.
Оқырмандар арасында «Сізді түсінеміз», «Кез келген адамға ауыр тиер еді», «Шындыққа ренжімеу керек» деген секілді түрлі пікірлер жарияланды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
09:08
«Достық емес, Ленин»: қазақша көше атауларын мо...
08.10.2026
09:00
«Тіркеуден шығара беріңдер»: Мақпал Жүнісова Пр...
08.10.2026
09:00
«Баламызды соғыстан қайтарыңдар»: ата-аналар Сы...
07.10.2026
23:07
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды
07.10.2026
22:11
Алматыда автобуста жолаушыларды пышақпен қорқыт...
07.10.2026
21:44
Шымкентте су құбырын ауыстырмақ болған екі жұм...