«Өмірінде ештеңе сатып көрмеген»: Нұрлан Еспанов ұлының билет дауына қалай тап болғанын айтып берді
1195
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына билеттерді қымбатқа сатты деп басы дауға қалған Олжас Еспанов туралы оның әкесі әнші Нұрлан Еспанов алғаш рет пікір білдірді. «Бірінші бол» YouTube арнасына берген сұхбатында әнші оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесінің айтуынша, билеттің тапшылығы жанкүйерлер арасында түсініспеушілік тудырған.
«УЕФА сайтынан билет алу қиындап кетті. ЖСН сұрайды, басқа мәліметтер сұрайды. Егер бізде 50 билет болса, өзім барып алмасам ба? Өзім билет таппай қалдым. Кезегіміз келсе де 150 мың теңгелік билетті ала алмадық», – деді әнші.
Еспановтың сөзінше, ұлына бір қыз әлеуметтік желіде хабарлама жариялап беруді өтінген, ал халық жағдайды дұрыс түсінбей, сынға алған.
«Балам билет сататын адамға ұқсайды ма? Ол өмірінде ештеңе сатып көрмеген. Адамдар ойланып жатпайды. Көре алмаушылық көп», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
07:54
Семейдегі оқушылар жанжалы: Дәулеттің анасы оқи...
15.09.2026
22:36
Болливуд фильміндегідей: Жақын құрбылар туған а...
15.09.2026
22:22
Алматыда прокурордың қатысуымен болған шулы оқи...
15.09.2026
21:47
Азамат Омаров кінәсін мойындап, тергеумен мәміл...
15.09.2026
21:09
Профессор: Алматыда 2,5 млн жалақы алатын ғалым...
15.09.2026
20:49
"Не Найман, не Жалайыр емессің". Мақсат Халық ө...