Оңтүстік Африкаға қалың қар түсті
Сенбіде Оңтүстік Африкада қалың қар жауып, жолдар жабылып қалған.
Ерекше қалың қар жергілікті жұртқа Оңтүстік Африка жолдарында кедергі жасады. Соның салдарынан жүргізушілер айдалада қалып қойған.
Шенеуніктердің айтуынша, Йоханнесбург пен шығыс жағалаудағы Дурбан қаласын байланыстыратын негізгі №3 тасжолы қатты зардап шекті. Оның бірнеше учаскесі жабылып, айналма жолдар жүруге жарамсыз болып қалған. Квазулу-Натал провинциясының Үкіметі түскі уақытта кейбір көлік жүргізушілеріне көрпе мен азық-түлік жеткізілгенін мәлімдеді.
Провинциялар арасына қатынайтын автобустар жанармай құю станцияларында шамамен 7 сағат тұрып қалды, – деді жол қозғалысын басқару корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Саймон Цванеол.Көлік жүргізушісі Мұхаммед Гулам Йоханнесбургтен оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым (170 миль) жерде орналасқан Харрисмит қаласының сыртында балаларымен қалып қойғанын айтты.
13 сағаттан аса уақыт өтті, тамақ жоқ, құтқарушылардың көмегінсіз бұл жерден кете алмаймыз, – деді ол.Оңтүстік Африка ауа райы қызметінің синоптигі 2-деңгейдегі қызғылт сары ескертулер берді. Айтуынша, төтенше жағдай жарияланады. Өйткені елдің бірнеше бөлігінде тағы қалың қар жаууы мүмкін.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
23:14
«Мұндайға қалай жол бердіңіздер?»: Қостанай суп...
06.11.2026
22:28
Шетелдіктерге қазақстандықтардың ЖСН-ін пайдала...
06.11.2026
21:27
Әлемдік ғылымға үлес қосқан қазақ ғалымы АҚШ-та...
06.11.2026
20:19
Маңғыстауда вахталық автобус жұмысшыны қағып өл...
06.11.2026
19:13
Таразда екі полиция қызметкері тәркіленген қару...
06.11.2026
18:34
«Тірі қалғандарың өкінішті» деп ашаршылықты кел...