Оңтүстік Корея әскери-әуе күштері қателесіп қалаға бомба тастады

Оңтүстік Корея әскери-әуе күштері қателесіп қалаға бомба тастады
06.03.2025 09:02
0
677
РЕНХАП
Әскери жаттығу кезінде Оңтүстік Корея өз қаласына шабуыл жасап қойды

Оңтүстік Кореяның әскери-әуе күштерінің (ВВС) жаттығу кезінде жіберген қателігі салдарынан елдің Пхочхон қаласына қателесіп бомба тасталып, кемінде жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.

Жарылыс салдарынан жеке тұрғын үйлер, шіркеу және бірнеше көлік айтарлықтай зақымданған.

«Оқиға Пхочхон қаласында орын алды. KF-16 истребителі жаттығу полигонынан тыс сегіз авиабомбаны қателесіп тастап жіберген», – деп мәлімдеді әскери басшылық.

Жергілікті билік қазіргі уақытта жарақат алған жеті адамның жағдайын тексеріп жатқанын, ал құтқарушылар зардап шеккен ғимараттар мен көліктердің қалдықтарын тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

KF-16 – Оңтүстік Кореяның америкалық F-16 Fighting Falcon истребителінің көшірмесі болып табылады. Бұл төртінші буын әскери ұшағы АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығулар кезінде қолданылған.

Жергілікті билік пен әскери басшылық тергеу жұмыстарын жүргізуде. Әзірге бомбалардың қалай қателесіп тасталғаны және әскерилердің әрекетіне қандай шара қолданылатыны белгісіз.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий