Оңтүстік Кореядағы апатқа қатысты алғашқы деректер белгілі болды

Оңтүстік Кореядағы апатқа қатысты алғашқы деректер белгілі болды
01.01.2025 14:19
0
323
Ahn Young-joon/Copyright 2024 The AP. All rights reserved.
Оңтүстік Кореядағы апатқа ұшыраған ұшақтың "қара жәшігіндегі" деректер алынды

2024 жылдың 29 желтоқсанында Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында апатқа ұшыраған Jeju Air әуе компаниясының ұшағына қатысты маңызды деректер белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оңтүстік Кореяның көлік министрлігі азаматтық авиация департаментінің директоры Чжу Чжон Ванның айтуынша, мамандар ұшақ кабинасындағы аудио тіркеу құрылғысындағы ақпараттарды алды.

"Ұшқыштар кабинасында айтылған сөздер жазылған деректер алынды. Қазір оларды дыбыстық файлдарға топтастыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмысты мүмкіндігінше тез аяқтауға тырысамыз," – деді шенеунік.

Сонымен қатар, ұшудың екінші "қара жәшігі" деп аталатын ұшу деректерін жазу құрылғысына сырттай зақым келгені нақтыланды. Бұл құрылғыдағы мәліметтерді өңдеу шамамен бір айға созылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Jeju Air компаниясының Boeing 737 ұшағы 2024 жылдың 29 желтоқсанында Бангкоктан Муана халықаралық әуежайына қонған кезде апатқа ұшыраған. Бортта 181 адам болған, оның ішінде алты экипаж мүшесі де бар. Қайғылы оқиға нәтижесінде екі адамның – жолаушы мен стюардессаның аман қалғаны анықталды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ұшақта қазақстандықтардың болмағанын растады.

Ақпарат ZAKON.KZ сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или