Оңтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылуды

20.12.2024 • 09:31 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Оңтүстік Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылуды
652
ybis.ru
Алматы облысында демалыс базасына апаратын жол жабылды

"ҚазАвтоЖол" хабарлауынша, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жолдарға шектеу енгізілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Алматы облысы
7:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Алма-Тау демалыс базасына апаратын» автожолдың 0-15 км аралығы, яғни Тұздыбастау ауылынан Бесқайнарға дейінгі учаске жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылды.

Жамбыл облысы
9:00-де республикалық маңызы бар «Алматы – Ташкент – Термез» автожолының 534-593 км аралығы, яғни Айша-Бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі учаске барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Түркістан облысы
9:00-де республикалық маңызы бар «Алматы – Ташкент – Термез» автожолының 593-674 км аралығы, яғни Жамбыл облысының шекарасынан Қарабұлақ ауылына дейінгі учаске барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Жүргізушілерге ауа райы болжамдарын қадағалап, шектеу алынғанға дейін жолға шықпауды ескертеміз.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий