Оқушылардың ақысына қол сұққандардың қылмысы ашылды

30.05.2025 • 16:26 Admin
Оқушылардың ақысына қол сұққандардың қылмысы ашылды
418
Фото: freepik.com

Мектеп құрылысына бөлінген 1,23 млрд теңгені талан-таражға салған, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Қостанайдағы Береке шағын ауданында 980 орынға шақталған мектептің құрылыс жұмыстарына тексеру жүргізіліп, нәтижесінде кемшіліктер анықталды, - деп хабарлайды Қаржы министрлігінің ішкі аудит комитеті.

Мердігер ұйым «Лидер-НК» ЖШС бюджеттен 1,23 млрд теңге көлемінде қаражат алып, іс жүзінде өзіне жүктелген міндетті тиісті түрде орындамаған. Бұған аудиторлар жұмыс актілерін нысанның жағдайымен салыстыру кезінде көз жеткізді.

Аудит материалдары құқық қорғау органдарына тапсырылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Войдите, чтобы оставить комментарий