Оралда із-түзсіз жоғалған 11 жастағы баланың жағдайы белгілі болды

Оралда із-түзсіз жоғалған 11 жастағы баланың жағдайы белгілі болды
25.06.2025 15:19
0
265
Фото: gov.kz

Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 11 жастағы бала аман-есен табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Іздестіру шарасына полицияның жеке құрамы мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері тартылды. Жасөспірім «Волна» саяжайындағы үйінен шығып, қайта оралмаған. Ол Алматы қаласындағы «Инсайт» жекеменшік мектебінің 2-сынып оқушысы. Ата-анасынан өтініш түскен бойда облыстық полиция, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері және еріктілер мен жергілікті тұрғындар да баланы іздеуге шыққан. Бала аман-есен табылды. Ювеналды полиция қызметкерлері оқиға қайталанбас үшін ата-анасымен түсіндіру жұмысын жүргізеді.

“Іздестіру шараларының барысында із-түссіз жоғалған Кузнецов Максим Зачаган кентінде қазір табылды, Мөңкеұлы көшесінде. Қазір учаскелік полиция инспекторына, біздің басқа да азаматтарға рахмет! Олар көріп, шамамен бала ұқсайды деп бізге мәлімет берді. Мекенжайды, сол ауданды қарап, баланы таптық. Бала тірі. Аман-сау. Қазір әке-шешесіне беріледі”, - деп хабарлады облыстық ПД.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий