Семейде ассенизатор көлігі 4 баланың анасын жаншып кетті

Семей қаласында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді ассенизатор көлігі қағып кетті. Әйел сол жерде жан тапсырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Abainews Telegram-арнасының мәліметінше, қайғылы оқиға 23 маусым күні таңғы сағат 11 шамасында Морозов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде болған, бұл өткелде бағдаршам жоқ екен. «ЗИЛ» маркалы ассенизаторды, яғни халық арасында «бочка» деп аталып кеткен көлікті айдап келе жатқан жүргізуші Шевченко көшесіне бұрылмақ болған кезде жолды кесіп өтпек болған 35 жастағы әйелді қағып кеткен. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
«Адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Абай облыстық полиция департаменті.
Қайтыс болған әйелдің таныстарының айтуынша, оның артында төрт баласы қалды. Ең кенже қызы небәрі үш жаста екен.
Соңғы жаңалықтар





