Оралда көпқабатты үйде жарылыс болып, балконның терезесін жұлып әкетті 

12.12.2025 16:36 Әсел Мұрат
Оралда көпқабатты үйде жарылыс болып, балконның терезесін жұлып әкетті 
0
162
Фото: видеодан скрин

Оралда көпқабатта үйде адам жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Төтенше жағдай бүгін сағат 14:00-де Циолковский көшесінде болды.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан өртьің көпқабатты үйдің үшінші қабатынан басталғанын көруге болады.

Өрт сөндірушілер іштегі тұрғындарды саты арқылы балконнан құтқармақ болғанмен, жарылыс болып, балконды опырып түсірді. Өртті куәгерлер видеоға түсіріп алған.

«Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімдері пәтерде жеке заттар мен жиһаздың ашық жалынмен өртеніп жатқанын анықтады. Өртті сөндіру газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан қиындады, нәтижесінде терезе рамасы мен балкон шынысы сынды», делінген ТЖД хабарламасында.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, көршілердің айтуынша, аталмыш пәтерде ешкім тұрмайды.

Құтқарушылар жүргізген дер кезінде эвакуацияның арқасында үй тұрғындары ауыр зардаптардан аман қалды. Өрт толықтай 10 шаршы метр аумақта сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД-дан 23 қызметкер және 6 техника жұмылдырылған.


 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий