"Орынсыз әзіл ме?": Қайрат Әділгерейдің жұбайы жариялаған видео сынға қалды

09.01.2026 09:40 Айсұлу Мұрат
247
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Танымал әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерейдің жұбайы Бақыт Тұрман әлеуметтік желіге жүктеген кезекті қалжың видеосы үшін сынға қалды, деп хабарлайды Politico.kz

Бақыт Тұрман өз парақшасында пранк форматындағы видео жариялаған. Кадрлардан оның аяғына жаққан майды жұбайының бетіне жағып жатқан сәтін көруге болады. Алайда бұл әзіл желі қолданушыларының көңілінен шықпаған. Көпшілік видеоны орынсыз деп бағалап, ер мен әйел арасындағы шекара мен сыйластық тақырыбын көтерді.

Пікір қалдырғандар:


«Барлығы күліп жатыр, бірақ мұның несі күлкілі? Аяқпен сипаған қолмен ер азаматының бетіне қол тигізуді елге көрсету дұрыс па?»«Бұл әрекет ұят болды, ер адамның қадірін кетіргендей әсер қалдырды»«Әйелін мәдениетті жан деп ойлаушы едім», – деп жазды.

Желіде тараған видео жұртшылық арасында қызу талқыға түсіп, әзілдің де өз шегі болуы керек деген пікірлердің көбеюіне себеп болды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий