Өскеменде «Қазселденқорғау» филиалының басшысы сотталды

 Өскеменде «Қазселденқорғау» филиалының басшысы сотталды
28.05.2025 10:38
0
84
Фото: Instagram/112shygysqaz_tjd

Өскемен қаласының №2 соты «Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің облыстық филиалының басшысы Советбек Станбековке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының № 2 сотымен «Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының басшысы С. Станбековке қатысты үкім жарияланды. Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», - делінген Антикор хабарламасында.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий