Өскемендегі концертін бір күнге шегерген Тұрсынбек Қабатовқа көреремен ренішін жазды

29.10.2025 11:39 Нақыпбек Фатима
Өскемендегі концертін бір күнге шегерген Тұрсынбек Қабатовқа көреремен ренішін жазды
0
205
Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_official

Белгілі шоумен әрі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өзінің Өскемен қаласындағы концертін басталуына бірнеше минут қалғанда келесі күнге шегерген. Бұл туралы концертке билет алып, кіре алмаған көрермендер әлеуметтік желілерде жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

«Бұл қалай болғаны?! Бүгін – Тұрсынбек Қабатовтың Өскемендегі концертінің екінші күні. Уақыт 18:00, зал лық толы, аншлаг. Адамдар 40 минуттан астам күтті, кенет бір адам шығып: «Бүгін концерт болмайды, ертең келіңіздер, себеп бар» деп хабарлады. Бұл көрерменге деген құрметсіздік! Егер бір жағдай болса, алдын ала ескертуге болар еді. Адамдарды жинап алып, соңғы сәтте бәрін тоқтату – жауапсыздық!» – деп жазды концертке билет алған көрермендердің бірі.

Кейін белгілі болғандай, концерттің тоқтатылуына өнерпаздың денсаулығының нашарлауы себеп болған.
Тұрсынбек Қабатов бұл жағдайды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында түсіндірді:

«Құрметті ел! Менің Өскемендегі концертім бір күнге шегерілді. Концертке келген қала тұрғындарына алғыс айтамын. Басталар алдында қан қысымым төмендеп кетті, бірақ қазір бәрі жақсы», – деп жазды шоумен.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий