Оралдық әйел әкесін жақтырмаған күйеуін пышақтап өлтірді

Өскеменде қайғылы оқиға орын алды: әйел өз күйеуін пышақтап өлтіргені үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
БҚО-дағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының деректеріне сүйенсек, оқиға отбасылық жанжал кезінде болған. Әйелдің төсек тартып жатқан әкесі бірнеше рет өздігінен үлкен дәретін жіберіп қойған, бұл күйеу баласының ашуын туғызған. Ашуға булыққан ер адам айқай шығарып, әйелдің жүйкесін тоздырған. Күйеуінің әкесін жақтырмауына ыза болған әйел ас үйдегі пышақты алып, күйеуіне шабуыл жасаған.
Сот материалдарына сәйкес, әйел күйеуіне алты рет пышақ салған. Жарақаттардың бірі жүрекке, ал қалғандары өкпе, бауыр мен диафрагмаға тиген. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмған. Марқұмның іш қуысы қанға толып, дәрігерлер келгенше өмірмен қош айтысқан.
Тергеу кезінде әйел кінәсін мойындап, болған оқиғаға күйеуінің қатыгез мінезі мен ұзақ уақыт бойы жасаған психологиялық қысымы себеп болғанын айтты. Ол төсекке таңылған әкесін жалғыз өзі күтіп, қатты шаршағанын және жүйкелік күйзеліске түскенін жеткізген. Қылмыс жасалғаннан кейін әйел өзі полиция шақырып, болған жайды жасырмай баяндаған.
Сот оның кінәсін толық дәлелдеп, жаза ретінде 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл іс қоғамда отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен психологиялық қысым мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды.
Соңғы жаңалықтар





