Отандық маман атақты Джеки Чанның киносына режиссер болады
401
Аңызға айналған Джеки Чан басты рөлде ойнайтын жаңа «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері анықталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Медиакомпания Salem Entertainment-тің Instagram парақшасында жазылғандай, Джеки Чан режиссерді, каскадер мен экшен-сахна қоюшыны өзі таңдаған. Таңдау қазақстандық режиссер Роберт Кунға түсті.
Роберт Кун — Disney, Paramount, Universal және 20th Century Fox сияқты ірі студиялармен жұмыс істеген танымал қазақстандық кинематографист. Ол «Майор Гром: Игра», «Особо опасен», «Он — дракон», «Президент Линкольн: Охотник на вампиров» секілді фильмдердің экшен-сахналарын қойған.
Айта кетейік, Түсірілім 2026 жылдың көктемінде басталмақ. Бұл – әйгілі франшизаның жаңа тынысы болуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...