"Отбасымды сақтап қалу үшін өтірік айттым": Бағлан Әбдірайымов басынан өткен ауыр кезеңді еске алды

05.08.2024
18:19
0
191
Отандық танымал әнші Бағлан Әбдірайымов өмірінде болған ауыр кезеңді еске алып, отбасын қалай сақтап қалғанын айтты. Шоу-бизнес жұлдызы құмар ойындарға тәуелді болып қалғанын келіншегіне ұзақ уақыт бойы айтпай жүргені белгілі болды.
Бағлан Әбдірайымов әйеліне құмар ойындарына тәуелділігі туралы не себепті айтпайғанын түсіндірді. Әнші отбасын сақтап қалу үшін жарына өтірік айтқанын жасырмады.
“Күйеуі құмар ойынға салынса, әйелі бірден үйден кетіп қалады. Бала-шағаны жинап, қолын бір сілтейді. Өйткені ол кісіден болашақ көрмейді. Егер адам өзінің күйеуінің дұрыс емес жолда жүргенін көретін болса, бірінші кезекте бала-шағасының тәрбиесін ойлайды. Өйткені ол күнде концерт қойса, көшедегі нәрселерін үйде жасайтын болса, күнделікті үйге проблема кіргізе беретін болса, онда шынымен де бала-шағаның психологиясы бұзылады. Сондықтан кетіп қалудан басқа амал болмайды. Ал енді кейде әйел ер азаматының немен айналысып жүргенін білмей қалса, отбасыны сақтап қалуға болады", – деп бастады әңгімесін әнші.
Өнер иесі құмар ойындарынан тапқан табысына үйге азық-түлік алуға да қорыққанын жеткізді.
"Менің келіншегім құмар ойынға тәуелді болғанымды кейін білді. Ол кезде әбден қарызға батқан кезім еді. Тіпті, отбасымды сақтап қалу үшін өтірік айттым. "Мен ойнап жүрмін, күшті екен, мен бүгін ұттым" деп айтсам жағдай басқаша болар ма еді. Бірақ тіс жарып, ештеңе айтпадым. Болары болып, бояуы сіңгеннен кейін ауылдан әке-шешемді көмекке шақырдым. Кемшілігің бар болса, оны ешқашан үйде отырып айтпа. Кейде бұл нәрсе сені құтқарып қалады. Осы нәрсенің дұрыс емес екенін, табысы да дұрыс емес екенін білеміз. Осы дұрыс емес табыстан үйге бір нан апаруға немесе басқа бір ас апаруға қатты қорқатынмын. Осындай кішкентай ғана ниетім отбасымды сақтап қалуға септігін тигізген шығар деп ойлаймын", – деді Әбдірайымов "Ұрпақ" подкастында.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

03.09.2025
01:00
Дөнерхана Темірлан Анарбековке ерекше сыйлық жа...

02.09.2025
23:14
Блогер 11 миллион теңге тұратын сөмкесін көрсет...

02.09.2025
22:02
"15 жыл үйсіз": Дариға Бадықова отбасындағы жағ...

02.09.2025
21:01
БҚО-да 25 жылдан кейін анасы жоғалған қызымен т...

02.09.2025
20:01
"Қорқынышты әрі қиын еді...": Жұлдыз Әбдікәрімо...

02.09.2025
19:17
Саяси белсенді Тимур Данебаев бостандыққа шықты