"Өтірік күледі, өтірік жүреді": Өнер жұлдыздары Мөлдірді қолдауға көшті

06.11.2025 16:14 Берік Арманов
0
158

Танымал продюсер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесі ажырасудан кейінгі сезімдері мен өмірлік ой-толғанысын шынайы жеткізген. Ол жалғыздықтың адам жанына түсіретін ауырлығын, бірақ соған қарамастан оны ешкім ашық мойындағысы келмейтінін жазды.

Ажырасқан ару да, екіге кеткен еркек те мойындайтын бір нәрсе бар. Ол – ешкімге ұнамайтын жалғыздық! Бірақ ешқайсысы білдірмейді, сыр бермейді. Өтірік күледі, өтірік жүреді. Уайымдайды, махаббат керек екенін мойындайды. Шаршайды, шәй ішкен сағынышты күндерін аңсайды. Үмітін үзбейді, сол бақытты күндерін іздейді. Себебі жалғыздық жүректен кетпейді, екеу болғанға ештеңе жетпейді… Ақын, композитор Ерболат Қарақойшы інім жүрегімде жатқан ой мен мұңды ән қып суырып, жыр қып жазып берді. Тыңдаған бойда жыладым. Жер бетінде барлық жұп ажырамасын! "Жалғыздық ұнайды" деген сөз өтірік", – деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Осы жазбаның астына танымал әнші Балжан Бидаш та қолдау білдіріп, жаралы жүректің стикерін жіберген. Сондай-ақ Мөлдір Мұқановаға қолдау білдіріп жатқан өнер иелерінің қатарында Роза Әлқожа, Зарина Омарова, Сара Тоқтамысова бар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий