«Өтірік пәтуа таратып жүр»: Дінтанушы Данияр Кенжеұлы Нұрлан имамды ашық сынға алды

26.01.2026 10:00 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Өтірік пәтуа таратып жүр»: Дінтанушы Данияр Кенжеұлы Нұрлан имамды ашық сынға алды
71
Коллаж: Politico.kz

Белгілі дінтанушы әрі уағызшы Данияр Кенжеұлы әлеуметтік желідегі парақшасында танымал теолог Нұрлан қажы Асановтың ұстанымына қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz

Жазбасында ол қазіргі қоғамдағы дін мен мемлекеттің арақатынасына тоқталып, кейбір діни тұлғалардың исламды шамадан тыс жұмсартып көрсетуі алаңдататынын айтты.

«Секулярлы қоғамда өмір сүріп жатырмыз деген желеумен либералды көзқарастарға бейімделіп бара жатқандаймыз. Мемлекет пен дін бөлек деген сайын, олардың қоғамға ықпалы керісінше күшейіп келеді. Өйткені екеуі де халық санасына әсер етеді. Осы екі бағытты қатар ұстамақ болғандар қайшылыққа ұрынады», – деп жазды ол.

Данияр Кенжеұлы Нұрлан имамның соңғы уағызы өзіне ерекше әсер еткенін айтып, оның әлеуметтік желі мен шоу-бизнес кеңістігінде жиі бой көрсетуін де сынға алды.

Уағызшының сөзінше, кей жағдайларда құзыреті жетпесе де пәтуа айту үрдісі байқалады.

«Исламды тым жұмсартып, жеке пікір арқылы түсіндіру көбейіп барады. Бұған дейін жасы үлкен, ағалық жолы бар деп үндемей келдік. Бірақ соңғы насихатында ислам атынан сөйлейтін ұстаздарды нәпсіге ерген көпшілікке оңай жеңдіріп қоюы – арға тиетін жайт», – дейді ол.

Сонымен қатар дінтанушы «халықты бөлмейік» деген желеумен айтылған сөздердің керісінше, рухани бағытта жүрген ұстаздарды жікке бөліп жібергенін атап өтті. Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан Нұрлан имамның әрекетіне назар аударуды сұрады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий