Өзбекстан метросында еркектерге тиіскен блогерге іс қозғалды

Өзбекстан метросында еркектерге тиіскен блогерге іс қозғалды
23.10.2025 17:03
0
1565
фото: коллаж POLITICO.KZ

Өзбекстан метросында адамдарға тиіскен блогерге әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Алматы полициясы метро вагонындағы ер адамдарға тиіскені үшін блогер Аружан Айбековаға қатысты іс тіркелгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, оның әрекеті «ұсақ бұзақылық» бабына сай келеді, ал іс материалдары сотқа жіберілді.

"Еске салайық, аталған азаматша бұған дейін де осындай әрекеттерге жол берген, сол кезде онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген болатын. Алайда, ол тиісті қорытынды шығармағаны байқалады. Мұндай қылықтар қоғамдық моральға құрметсіздік танытады және іс-әрекеттің белгіленген нормаларын бұзады.
Полиция, қоғамдық орындардағы әдепсіз, арандатушылық немесе адамның ар-намысын қорлайтын кез келген іс-әрекетке жол берілмейтінін және заң аясында жауапкершілік қарастырылатынын еске салады", - делінген Алматы қаласының полиция департаменті жазбасында.

Оқиға 2025 жылдың қазан айында Ташкентте болған. Айбекова метро вагондарында бейтаныс ер адамдардың жанына отырып, олардың қолынан немесе аяғынан ұстаған сәттерін видеоға түсіріп, оны әлеуметтік эксперимент деп атаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий