Параспортшы Ербол Хамитов Тоқаевтың қолынан орден алды 

26.03.2026 12:51 Әсел Мұрат
Параспортшы Ербол Хамитов Тоқаевтың қолынан орден алды 
47
Фото: Ақорда

Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХIV Қысқы Паралимпиада ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленген Ербол Хамитовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ербол Хамитов мұнымен тоқтамай, әлі талай жетістіктерге жетуге тырысатынын айтты.

«Осындай маңызды сәтте Сіздің алдыңызда сөз сөйлеу мен үшін үлкен мәртебе. Осы жарысқа аттанар кезде Сіз маған мемлекеттік туды тапсырып, маған сенім артып, маған ақ жол тіледіңіз. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік болды. Сіздің қолдауыңызбен жеңіске жеттік. Бұған мамандардың және бапкерлердің сіңірген еңбегі зор. Сіздің қолдауыңыз әр спортшыға күш-қуат береді. Біз мұнымен тоқтамаймыз, – деді Ербол Хамитов.

Сондай-ақ бүгін президент Туризм және спорт министрлігіне қарасты Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жаттықтырушылары Василий Коломиец пен Антон Ждановичке «Парасат» ордені, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Үміт» мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубының жаттықтырушысы Аслан Тоқбаевқа «Құрмет» орденін табыстады.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий