Пәтер ұтып алу үшін Астанадағы сауда үйінде іш киіммен жүгіріп жүрген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
Танымал блогерден пәтер ұтып алу үшін сауда үйінде іш киіммен жүгірген қазақстандық 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Соттың мәліметінше, осы жылдың 21 қазанында ер адам Астанадағы сауда орталығында қолына плакат ұстап ішкі киіммен, «Маған пәтер сыйла»деп айқайлап жүгірген.
«Осы әрекеті арқылы ол қоғамдық орында әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Айыпталушының кінәсі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, ер адамның түсініктемелері және Instagram желісінде жарияланған видеомен расталды. Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Ол сотқа пәтер ұтып алу үшін өзіне назар аудартқысы келгенін түсіндірді», – делінген соттың баспасөз хабарламасында.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.
Желіде жариялаған видеодан ер адамның танымал блогер Mellstroy өткізген пәтер ұтысына қатысқысы келгенін аңғаруға болады.
Айта кетейік, Mellstroy (Андрей Бурим) — белорус блогері, стример, арандатушы эфирлері мен даулы бастамаларымен танымал.
Соңғы жаңалықтар