"Пәтуа шығарды". Бас имам ЛГБТ туралы айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ЛГБТ қауымдастығына қатысты ұстанымын жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Муфтият әлеуметтік желіде бас имам Наурызбай қажы Тағанұлының ЛГБТ туралы пікірін жариялаған еді. Оның айтуынша, бұл - үлкен күнә, ата-баба жолына қайшы келетін жат түсінік.
«Мұсылмандар діни басқармасы өз тарапынан ЛГБТ-ға қатысты арнайы пәтуа шығарды және мәлімдеме жасады. Бұл - әрине, біздің ұлттық құндылығымзыға, салт- дәстүрімізге, ата-баба жолына қарсы дүние. Өкіншіке қарай, батыс елдерінде келіп жатқан, біздің елімізде де төбе көрсетіп жатқан бұл арсыздықтың алдын алуымыз қажет. Ата салтын берік ұстанған азамат ретінде, әрине, бұған біз қарсымыз. Өйткені бұл - ашық арсыздық дүние, үлкен күнә. Бұның азабы өте үлкен», – Наурызбай қажы Тағанұлы.
Соңғы жаңалықтар





