Павел Дуров қамаудан босатылды
617
Telegram басшысы бүгін, яғни 28 тамызда қамаудан босатылды. Ол платформаның заңсыз контент бойынша тергеу барысында билікпен ынтымақтаспауына байланысты Франция полициясы қамауға алған болатын, деп хабарлайды Politico.kz.
BFMTV жазуынша, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров полицияда төрт күнге жуық қамауда болғаннан кейін 28 тамызда сотқа берілді. Сенбі, 24 тамызда Ле-Бурже әуежайына ұшағы қонғаннан кейін қамауға алынған франко-ресейлік азамат әлем бойынша шамамен миллиард пайдаланушысы бар хабар алмасу қосымшасының модерациясының болмауына байланысты қудалауға ұшыраған.
BFMTV ақпараты бойынша, тергеу судьясы Павел Дуровты сұрақ-жауап алу және айып тағылуы мүмкін деген мақсатта қамаудан босатты.
TF1 арнасының жазуынша, Дуровқа телеграмдағы модерацияның болмауы және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық жасамауы осы желіде болып жатқан заңсыз әрекеттерге, оның ішінде есірткі тарату, бала порнографиясы және алаяқтыққа қатысы бар деген айып тағылып, іздеу жарияланған.
Еске салсақ, Франция президенті Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ кәсіпкердің ұсталуына байланысты БАӘ Франция билігіне ескерту жасады.
Фото: ашық дереккөз
Соңғы жаңалықтар
23.03.2026
17:17
АҚШ Иранды атқылауды 5 күнге тоқтатпақ
23.03.2026
16:52
Бестөбедегі шахтада заңсыз алтын іздегендер үйі...
23.03.2026
16:18
Тоқаев Иранның бауырлас елді бомбалауына алаңда...
23.03.2026
16:04
Наурызда несиеге сыйлық ала алмаған қазақстанды...
23.03.2026
15:00
Көрші елдің министрі темекі шеккені үшін жауапқ...
23.03.2026
14:17
Астанада жас жігіт танысын пышақтап өлтірді