Павел Дуровтың қамалуы: БАӘ Франция билігіне ескерту жасады
812
Біріккен Араб Әмірліктері Франция үкіметінен қазір Парижде қамауда отырған Telegram бас директоры Павел Дуровқа консулдық рұқсат беруді сұрады, деп хабарлайды Politico.kz Kazinform.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
БАӘ Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде Біріккен Араб Әмірліктері Францияны Дуровқа "барлық консулдық қызметтерді" ұсынуға шақырып, азаматтарға қамқорлық жасау "бірінші кезектегі міндет" екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ БАӘ Павел Дуров қамауға алынғаннан кейін және оның қамау мерзімі ұзартылғаннан кейінгі әрбір ісі мұқият қадағаланып отырғанын айтты.
- БАӘ Париж-Ле-Бурж әуежайында француз билігі қамауға алған Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың ісін жіті қадағалап отыр. Азаматтарға қамқорлық жасау, олардың мүдделерін қорғау, олардың ісін бақылау және барлық көмек түрлерін көрсету БАӘ үшін басты басымдық, - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Еске салсақ, бұған дейін Франция президенті Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірген болатын.
Фото: ашық дереккөз
Соңғы жаңалықтар
19.09.2026
17:30
Астанада жеке клиника арқылы 628 млн теңге ұрла...
19.09.2026
16:25
Бұрынғы әйелнің үйіне бірнеше рет барып, жанжал...
19.09.2026
15:39
«Бұл – масқара»: Тоқаев жол сапасына қатысты қа...
19.09.2026
15:15
Тоқаев Астана қаласының әкіміне қатаң тапсырма ...
19.09.2026
14:09
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026
13:26
Теміртаудағы үйде газ жарылды: 67 жастағы тұрғы...