Павлодар облысы әкімінің киімі әлеуметтік желіде шу тудырды

26.11.2025 10:20 Айсұлу Мұрат
Павлодар облысы әкімінің киімі әлеуметтік желіде шу тудырды
0
16
әлеуметтік желі. Суретте: Асайын Байханов

Threads әлеуметтік желісінде Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың қымбат брендтік сырт киімдері туралы жазба қоғам назарын аударды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Автор әкімнің үстіндегі пальто мен сырт киімнің бағасын көрсете отырып, мемлекеттік қызметкерлердің өмір салтына қатысты пікірталасты қайта қозғаған.

Пост авторы былай деп жазады:

«Moorer маркалы пальтоның құны — 2 115 еуро, яғни шамамен 1 273 000 теңге. Enrico Mandelli сырт киімі — 1 479 000 теңге. Павлодарлықтар өз әкімдерін Көкшетау тұрғындары секілді қорғап шыға ма? ‘Жеке секторда жұмыс істеді, жалақысы жоғары’ деген сияқты уәждерді айта берудің қажеті жоқ. Қазақстанда әкімдердің бәрі долларлық миллионер екені бәрімізге белгілі»

Желі қолданушылары бұл жазбадан кейін шенеуніктердің табысы мен шығыны қаншалықты ашық болуы тиіс деген мәселені қайта көтеріп, қызу талқылауға кірісті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий