Павлодарда жаңа туған қызын 800 мың теңгеге сатпақ болған әйел сотталып кетті

12.08.2026 13:23 Әсел МҰРАТ
Павлодарда жаңа туған қызын 800 мың теңгеге сатпақ болған әйел сотталып кетті
201
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Павлодарда жаңа туған нәрестені сату дерегі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Сотта анықталғандай, 2002 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны материалдық қиындықтарға байланысты жүкті кезінде дүниеге келмеген баласын ақшаға сатуды жоспарлаған. 

Осы мақсатта ол «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «бала асырап алғым келеді» атты қауымдастықта хабарландыру жариялап, сатып алушы тауып, жаңа туған қыз баланы 800 000 теңгеге сатуға келіскен.
 
2026 жылы 28 наурызда әйел Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығында дені сау қыз баланы дүниеге әкелген.
 
Қала прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері барысында қылмыстық әрекет әшкереленді. Жедел іс-шара шеңберінде сатып алушы рөлін атқарған тұлғаға сериялық нөмірлері алдын ала тіркелген ақша берілді.

31 наурызда Павлодардағы пәтерлердің бірінде әйел жаңа туған нәрестені сатып алушыға тапсырып, 100 мың теңге көлемінде сыйақы алды. 
Павлодар қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен әйел Қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлігімен («Кәмелетке толмағандар саудасы») кінәлі деп танылып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
 
Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Айта кетері, жазаны өтеу 5 жылға кейінге қалдырылды.

Войдите, чтобы оставить комментарий