Пентагон басшысы: АҚШ Қытаймен соғысқысы келмейді

Пентагон басшысы: АҚШ Қытаймен соғысқысы келмейді
11.04.2025 11:57
0
149
oxu.az

АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет Вашингтонның Қытаймен әскери қақтығысты бастауға мүдделі емес екенін және мұндай сценарийдің өте қауіпті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oxu.Az.

"Біз коммунистік Қытаймен қақтығыс іздемейміз. Ондай жағдай – апатты нұсқа болар еді", – деді Хегсет. Оның айтуынша, егер АҚШ әскери тұрғыдан жеткілікті деңгейде қуатты болса, онда Қытаймен тікелей қақтығыстан аулақ болуға мүмкіндік бар.

Осыған дейін The Washington Post газеті Пентагонның "Ұлттық қорғаныс жөніндегі уақытша стратегиялық нұсқаулығы" атты құжатына сілтеме жасап, АҚШ Тайваньға Қытай тарапынан ықтимал басып кіруді басты қауіптердің бірі ретінде қарастырып отырғанын хабарлаған болатын. Құжатта: "Қытай – Қорғаныс министрлігі үшін жалғыз тұрақты қауіп. Тайваньды Қытайдың басып алуына жол бермеу және АҚШ-ты қорғау – Пентагон үшін басты сценарий" деген пікір келтірілген.

АҚШ-тағы осы мәлімдемелер мен жарияланымдарға жауап ретінде Қытай Халық Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілі, аға полковник Чжан Сяоган АҚШ-тың Қытайды қауіп ретінде қабылдауы – стратегиялық қате деп атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий