Перизат Қайрат пен анасының шағымы қайта қаралып жатыр

24.09.2025 • 15:42 Admin
Перизат Қайрат пен анасының шағымы қайта қаралып жатыр
541
Фото: әлеуметтік желі

Астанада Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға шыққан үкім апелляциялық сатыда қаралып жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Шағымды Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарап жатыр. Сот алқасының құрамында судья Нұрлан Баяхметов, Жарас Арыстанбеков, Даулешова бар.

Перизат Қайрат сот процесіне қатысу үшін өтінішхат жолдаған еді. Алайда сот алқасы тараптардың пікірін тыңдап, сотталғандардың сот процесіне қатысуына негіз жоқ деп тапты.

2025 жылдың шілдесінде Biz Birgemiz Kazakhstan 2030 қорының жетекшісі Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий