Перизат Қайраттың көлігі аукционға шығарылды

27.03.2026 11:39 Әсел Мұрат
Перизат Қайраттың көлігі аукционға шығарылды
263
Фото: электронды аукцион порталынан

Қайырымдылыққа жиналған қаражатты жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайратқа тиесілі автокөлік аукционға қойылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қара түсті Mercedes-Benz S450 (мемлекеттік нөмірі – 777KPK01) автокөлігін сату туралы хабарландыру жариялады. Көлікке Pandora дабыл жүйесі орнатылған кілт қоса беріледі. Алайда аккумуляторы отырып қалғандықтан, оның техникалық жай-күйін тексеру мүмкін емес. Көліктің бағалау құны – 79 415 000 теңге.

Қазіргі уақытта бұл автокөлікті тек мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын нысанында тіркелген заңды тұлғалар ғана сатып ала алады. Олардың қатарында әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар бар: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелері, уақытша орналастыру орталықтары, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелер.

Егер автокөлік көрсетілген ұйымдарға берілмесе, онда ол барлық ниет білдірушілер үшін ашық саудаға шығарылады.


2025 жылы 25 шілдеде Перизат Қайрат 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол қайырымдылық қызметі үшін берілген «Шапағат» медалінен айырылды.

Сот шешімімен қоғамдық белсенді және оның анасы (оған да айыптау үкімі шығарылған) 50 жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 1 млрд 582 млн теңге көлемінде материалдық залалды өтеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, олар 22 млн теңге көлемінде мемлекеттік бажды және 698 мың теңге көлемінде сот шығындарын төлеуі тиіс.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий