Перзентханада ауысып кеткен сәбилердің ісі 35 жылдан кейін ашылды

Перзентханада ауысып кеткен сәбилердің ісі 35 жылдан кейін ашылды
08.10.2025 11:02
0
155
pixabay.com

Австрияның Грац қаласындағы ауруханада 1990 жылы туған екі қызды перзентханада шатастырып, ата-аналарына басқа сәбилерді бергені белгілі болды. Бұл оқиға 35 жылдан кейін ашылып, қыздар көп жылдан соң алғаш рет кездесті.

BBC дерегінше, Дорис Грюнвальд пен Джессика Баумгартнер 1990 жылдың қазан айында Грац қаласындағы LKH-Uniklinikum ауруханасында дүниеге келген. Екі нәресте де шала туған. Туу кезінде медицина қызметкерлері оларды абайсызда шатастырып, әрқайсысын басқа ата-анаға табыстаған.

2012 жылы Дорис Грюнвальд қан доноры ретінде тексеруден өткенде, өз ата-анасының биологиялық қызы емес екенін анықтаған. Қан тобы анасының қан тобымен сәйкес келмеген соң, ол биологиялық байланыс жоқ екенін білген.

Джессика Баумгартнер де өз ата-анасының қызы еместігін кейінірек, жүкті кезінде анықтаған. Ол кезде дәрігерлер оның қан тобы ата-анасының қан тобымен сәйкес келмейтінін айтып, қосымша тексеру нәтижесінде бала ауыстыру дерегін анықтаған.

Кейін екі әйел Facebook арқылы бір-бірін тауып, арада бірнеше жыл өткен соң Австрия телеарналарында олардың отбасыларының кездесуі көрсетілді.

Дорис Грюнвальдтың отбасы оны ресми түрде асырап алу туралы шешім қабылдады. Бұл қадам мұрагерлік және заңды құқықтарға қатысты мәселелерді реттеу үшін жасалған. Сондай-ақ олар перзентханадан өтемақы талап етуге ниетті.

Джессика Баумгартнердің тәрбиеленген отбасы – Дерлерлер де қызды ресми түрде өз қамқорлығына алуға және ауруханадан материалдық өтемақы өндіруге дайындалып жатыр.

Грац қаласындағы LKH-Uniklinikum ауруханасының операциялық менеджері Гебхард Фальцбергер екі отбасынан кешірім сұрап, бұл жағдайдың орын алғанына өкініш білдірді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий