Петропавлда ауруханаға шыққан зейнеткер үсіп өлді

16.01.2026 10:03 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Петропавлда ауруханаға шыққан зейнеткер үсіп өлді
0
198
Фото: ашық дереккөз

Петропавл қаласында хабарсыз кеткен 75 жастағы зейнеткер аурухана маңында ауыр халде табылып, кейін жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Зейнеткердің жоғалғаны туралы ақпаратты 14 қаңтар күні еріктілер әлеуметтік желіде жариялаған. 

75 жастағы әйел 14 қаңтар күні сағат 13:00-де ауруханаға кетіп, қайта оралмағаны туралы ақпарат тарады. 15 қаңтар күні таңертең еріктілер әлеуметтік желіде полиция қызметкерлері зейнеткерді аурухана аумағынан тірі тапқанын хабарлады. Алайда әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

Полиция зейнеткердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Аурухана әйелдің үйінен жаяу бірнеше минуттық жерде орналасқан. Зейнеткердің ұялы телефоны сөндірулі болған. Оның денсаулығын ескерсек, әйел қайда бара жатқанын түсінбей, бағытынан адасып кетуі мүмкін деген болжам бар.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті іздеу жұмыстарына 60-тан астам адам жұмылдырылғанын хабарлады. Алайда, түнгі уақытта зейнеткерді табу мүмкін болмады.

«Қалалық полиция, департамент қызметкерлері, СОБР жауынгерлері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері және волонтёрлер іздеуге қатысты. Ауа райының қолайсыздығы жұмысты қиындатты. Барлық әбаруы мүмкінә орындар тексеріліп, бейнебақылау жазбалары қаралды, алайда түнгі уақытта әйелдің қайда екені анықталмады», – деді полициядағылар.

15 қаңтар күні таңертең зейнеткерді учаскелік инспектор аурухана аумағындағы шаруашылық корпус маңынан, адам сирек жүретін аймақтан тапқан.

«Әйел қатты тоңып, үсіп қалған. Сөйлей алмайтын жағдайда болған. Оны бірден жедел жәрдем бригадасына тапсырдық, бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады», – деді ведомство өкілі.

Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий