Петропавлдың тергеу изоляторында тұтқын өзін өртеп жіберді
419
Петропавлда тұтқын өзін-өзі өртеп жіберді. Ол аяғына дәретхана қағазын ораған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қайғылы жағдай кеше, 11 маусым күні 19:00 шамасында болды. 37 жастағы ер адам аяғына дәретхана қағазын орап, оны өртеген. Тұтқын көпсалалы қалалық ауруханаға дереу жеткізілді. Оның екі жамбасы мен аяғын екінші дәрежелі күйік шалды.
Ер адамның неліктен мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз. СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кісі өлтірді деген күдіктінің Петропавл тергеу изоляторында өртеу әрекетін жасағанын растады. ҚАЖД жақын арада болған оқиғаға түсініктеме беруге уәде берді.
Тұтқынның бұрын да сотталғаны белгілі болды. Ал қазір ол ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша жауапқа тартылып жатыр екен.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...