«Полицей боди-массаж салонына «қамқорлық жасаған»: депутат пара алатын полицейлердің көбейгенін айтып дабыл қақты

«Полицей боди-массаж салонына «қамқорлық жасаған»: депутат пара алатын полицейлердің көбейгенін айтып дабыл қақты
13.10.2025 16:33
0
129

Мәжілістегі үкімет сағатында депутат Бақытжан Базарбек аймақтарда учаскелік инспекторлардың қылмыстық істерге жиі тартылып жатқанын еске салды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Біз халықтың сенімін арттыру үшін полицияны реформаладық, бюрократияны азайттық. Бірақ нәтиже керісінше болды — пара алатын полицейлер көбейді», — деді депутат.

Айтуынша, өңірлердегі учаскелік полицейлер пара, ұрлық және алаяқтық істерімен сотталып жатыр.

«Ақтөбеде учаскелік бір млн теңге талап еткен. СҚО-да полицей алаяқтық үшін сотталған. Жетісу облысында құқық қорғау қызметкері 24 млн теңге тұратын заттай айғақтарды ұрлаған. Шымкентте полицей ақшаға «боди-массаж» салонын «қорғаған», ал Қарағандыда тірек пунктінен қыздың мәйіті табылып, учаскелік ес-түссіз күйде анықталған. Халық қорған іздесе, полицейден қорқатын болды. Бұл — елдің ішкі қауіпсіздігіне төнген үлкен қатер! Мұндай жағдайлардың себептері қандай және мұндай оқиғалардың алдын алу үшін министрлік қандай шаралар қабылдауда?» - деді Базарбек.


Министр Ержан Саденов та бұл фактілерді жоққа шығарған жоқ. Ол мұндай жағдайларға полиция кадрларын дұрыс даярламау себеп болғанын мойындады.
ІІМ басшысы бұл проблеманы 2018 жылы полицейлік бакалавриатты жоюмен байланыстырды. 


«Содан бері азаматтық мамандарды екі айлық курспен қабылдадық. Ал нағыз офицерді екі айда тәрбиелеу мүмкін емес», — деді министр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий