Полиция мешітке ұрлыққа түсіп жүрген ұрыны ұстады
Қарағанды облысының полицейлері бірнеше өңірде ұрлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласының 20 жастағы тұрғынын ұстады. Ел аумағында бірқатар қылмыс жасаған «гастролер-ұры» Алматы қаласында қолға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала тергеу мәліметі бойынша, күдікті Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан зергерлік дүкеннен әшекей бұйымдарды жымқырған. Сонымен қатар, оның жергілікті мешіттердің бірінен әйелдің сөмкесін ұрлап кеткені анықталды. Бұл екі қылмыс бойынша келтірілген шығын 800 мың теңгені құрады.
Тергеу барысында ол Астана мен Алматы қалаларындағы мешіттерде жасалған тағы екі ұрлықты мойындады. Полицияның хабарлауынша, бұл оның қылмыстық әрекетпен бірнеше өңірде жүйелі түрде айналысқанын көрсетеді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұрланған мүлікті тауып, тәркілеу бойынша шаралар қабылдауда, сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
17:56
«Бүгін жігіттерде той»: «Жігіттер» тобының әнші...
27.10.2026
17:25
Астанаға әкім, федерацияға президент: Жеңіс Қас...
27.10.2026
17:21
Тоқаев ертең халыққа жолдау жасап, Түркияға ұшады
27.10.2026
17:15
«Күліп жүрші, саған жарасады»: Олжас Абай жары ...
27.10.2026
16:49
Павлодарда шәкіртіне қол көтерген жаттықтырушығ...
27.10.2026
16:24
Трамп Тоқаевқа желтоқсандағы кездесуді асыға кү...