Польшада жоғалып кеткен қазақстандық әйел өлі күйінде табылды
Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық Екатерина Шилова өлі күйінде табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел қасақана өлтірілген, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы марқұмның әпкесі хабарлаған. Оның айтуынша, кісі өлтіруге күдікті ұсталған, алайда тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмей отыр.
Қазір марқұмның отбасы мәйітті елге жеткізіп, жерлеу үшін қаражат жинап жатыр. Туыстарының сөзінше, барлық жерлеу рәсімдері қомақты қаржыны талап етеді.
Еске салайық, 43 жастағы қазақстандық Екатерина шетелде жұмыс істеген. Ол ақпан айының соңында туыстарымен байланысқа шықпай кеткен.
Жоғалған күні ол Варшавадан Астанаға ұшып келуі тиіс болған, бірақ ұшаққа отырмаған. Кейін ол әпкесіне ұшпайтынын айтып, Германиядан жақсы жұмыс тапқанын жазған. Бұл хабарлама туыстарының күдігін тудырған. Осыдан кейін Екатеринамен байланыс толық үзілген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...