Премьердің Алматы облысы әкіміне ескертуі: Қаржы толық игерілмесе, қысқартамыз
0
274
Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке бөлінген қаражат толық игерілмесе қысқартылатындығын ескертті.
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Алматы облысының әкімінен: «Былтыр өңірге ауылдық жерлерде 86 жобаны іске асыруға шамамен 21 млрд теңге бөлінді. Бірақ, оның тек 90 пайызы ғана игерілген. Неге жұмыс баяу жүріп жатыр?» - деп сұраған еді.
Өңір әкімінің айтуынша, Алматы облысы бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2023 жылы 20,9 млрд теңгеге 86 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның 63 жобасы өткен жылы аяқталып, 23 жобасы осы жылға ауысып отыр.
Осы орайда Үкімет басшысы бөлінген қаражат толығымен игерілуі тиістігін баса айтты.«2024 жылдың 1 қаңтарындағы дерекке сәйкес, қаржыны игеру 18,6 млрд теңгені құрады. Игермеу көлемі – 2,3 млрд теңге. Қаражаттың игерілмеу себептері келесідей: 1,9 млрд теңгеге жұмыс кестесінен артта қалу (4 мекемеге айыппұл салынды), 290 млн теңге ұзаққа созылған сот процестері (1 мекеме бойынша), 164 млн теңге мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу, 61 млн теңге құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобалық-сметалық құжаттаманы түзету. Өткен жылы аяқталмаған жобалар биыл жүзеге асырылады. Жалпы, 2024 жылы 14,1 млрд теңгеге 84 жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде құрылыс және жөндеу жұмыстары келесі салаларда жүргізіледі: жол инфрақұрылымы, білім беру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, мәдениет, денсаулық сақтау», - деді Марат Сұлтанғазиев.
«Бөлінген қаражат толығымен игерілуі тиіс. Болмаса қысқартамыз. Осы жерде Қаржы министрі отыр. Дұрыстап қараңыздар», - деді Олжас Бектенов.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
17.11.2025
21:46
"Демалу керек": Медеу Арынбаев Қайрат Нұртас ту...
17.11.2025
21:12
«Мейрамбек, Сәкендер неге үнсіз?»: Әншілер халы...
17.11.2025
21:08
Қызылордада іріктеуден өткен жастарға «Дала Қыр...
17.11.2025
19:45
Эстония президенті: Қазақстан – Эстонияның Орта...
17.11.2025
19:10
Ресейдің рөлі төмендеген сайын Қазақстанның бед...
17.11.2025
18:54
«Алматы Су» кәсіпорны Корея елімен озық су техн...