Президент Семей орманын қалпына келтіру жөніндегі тұрғындар бастамасын қолдады
741
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, «Жасыл аймақ» тематикалық апталығы аясында «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында кең масштабты акция ұйымдастырылып, Бородулихинск елді мекені маңына көшеттер отырғызылғанын жазған болатынбыз. Акция шеңберінде Воскресеновка ауылы маңындағы 5 гектар жерге 23 мың көшет отырғызылды. Жалпы «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 70 мың ағаш отырғызылған.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бастамасын қолдады», - деп ҚР Президентінің кеңесшісі — Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасына жазды.
Соңғы жаңалықтар
22.09.2026
17:17
Тікелей эфирде мысықты тістеген ер адамға айыпп...
22.09.2026
17:06
«Дәлізде домбырамен ән салдым»: Гүлнұр Оразымбе...
22.09.2026
16:51
Құлыбаевтардың қалтасына 665 млрд теңге түспек
22.09.2026
16:42
«Жігітке еркек болуды үйрету керек»: Ырысбала И...
22.09.2026
16:34
«Пышақпен қорқытып, шашынан сүйреп, басын диван...
22.09.2026
16:04
Мыс бар. Енді одан не жасаймыз?