Президентке қастандық жасамақ болған әйел қайтыс болды

Сара Джейн Мур – АҚШ президенті Джеральд Фордқа 1975 жылы қастандық жасауға тырысқан әйел – 95 жасында қайтыс болды.
Бұл туралы Washington Post басылымы мәлімдеді.
Washington Post жазғандай:
"Сара Джейн Мур, 1975 жылы президент Джеральд Фордқа сәтсіз қастандық жасаған еді, 24 қыркүйекте, оқиға болған күннің 50 жылдығынан үш күн өткен соң дүниеден өтті. Ол 95 жаста еді."
Ақпаратқа сәйкес, Мур Теннесси штатындағы қарттар үйінде қайтыс болған. Басылым оны саяси көзқарастары жиі өзгерген, «идеялық кезбе» деп сипаттайды. Ол 1970 жылдардың басында республикашылдарды қолдаса, кейін солшыл қозғалыстарға белсене араласқан. Қастандық жасамас бұрын Мур ФБР мен Сан-Франциско полициясына информатор ретінде қызмет еткен.
1975 жылдың 21 қыркүйегінде Сара Джейн Мур Лос-Анджелестегі қонақүй алдында АҚШ президенті Джеральд Фордқа оқ атты. .38 калибрлі револьверден атылған оқ президенттен небәрі бір метр қашықтықта өткен.
Мур өз кінәсін мойындап, сотта елде өзгеріс жасауға ұмтылғанын айтқан. Ол бастапқыда өмір бойына бас бостандығынан айырылғанымен, түрмеде 32 жыл отырған соң шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.
Соңғы жаңалықтар





